Мақалаларды қарау тәртібі

  1. Жариялауға арналған материалдардың толық жинағын  тиісті автор журналдың веб-сайтындағы жеке кабинетіне жүктейді 
  2. Авторлар редакцияның материалды алғаны және журнал талаптарына сәйкестігі туралы растауды 5 күн ішінде электронды пошта арқылы алады.
  3. Редакция белгіленген талаптарға, этикалық нормаларға немесе журналдың көлеміне сәйкес келмейтін мақаланы қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
  4. Төрт апта ішінде редакция автор(лар)ды шолу нәтижелері, жақсартулар қажеттілігі және мақаланы жариялау жоспары туралы хабардар етеді.
  5. Мақала қабылданбаған жағдайда, редакция автор(лар)ға дәлелді қорытындысы бар хат жолдайды.
  6. Редакция мақаланы өзгерту бойынша барлық әрекеттерді автор(лар)мен келісе отырып, келіп түскен материалдарға ғылыми-стильдік редакциялауды жүзеге асыруға құқылы.
  7. Материал жариялауға қабылданғаннан кейін елеулі толықтырулар мен өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Авторға қабылданған мақалаға өзгертулер енгізу қажет болса, материалды журналдың алдағы санында жариялау үшін кейінге қалдыруға болады.
  8. Редакцияның мақаланың соңғы нұсқасын жариялауға қабылдаған күні басылымға материалдың түскен күні болып табылады.

«QazaqHistoricalReview» (QHR) журналында жариялау үшін материалдарды қабылдау кестеге сәйкес жүзеге асырылады:

  • №1 (наурыз) – 1 желтоқсаннан кешіктірмей
  • № 2 (маусым) – ағымдағы жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
  • № 3 (қыркүйек) – ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей
  • № 4 (желтоқсан) – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей

Нөмірге қолжазбаның түскен күні оның түпкілікті нұсқасын редактор қабылдаған күн болып табылады.