Нөмір 2 № 1 (2024)

					Көрсету  Нөмір 2 № 1 (2024)

Қазақстанның байырғы тарихының белгілері ғылыми қызығушылықты тоқтатқан емес. Көне қаланың іздері мен әр жерден менмұндалап көрінетін  ұлы қорғандардың қалдықтары, байырғы металлургияның ошақтары, әдет-ғұрып орындары, ежелгі еңбек құралы, керамика мен ескі тиын мәнеттері – бәрі де бұрынғы өткен дәуірдің адамға айрықша әсер қалдыратын белгілері.

Қазақстанның археологиялық мұрасына жасалған советтік кезеңдегі және одан кейінгі зерттеулер отан тарихының көкжиегін елеулі кеңітіп, кең байтақ жерімізде ежелгі және дамыған археологиялық мәдениеттер өмір сүргенін және оның адамзат өркениетінің өзге де ежелгі ошақтарымен ілкі байланыстарда болғанын дәлелдеді. Археологиялық зерттеу нәтижелерін музейлер мен мектеп оқулықтарында көрсетіліп, ескерткіштер мен мемлекеттік рәміздерде бейнеленгені – ежелгі кезеңнің бүгін де маңызды екенін білдіреді. Кейде археологиялық құнды мағлұматтарды әркім әрқалай түсінетін, ғылыми негізсіз болжам жасап, тіпті қиял-ғажайып құбылысқа да айналдыратын сәттер жоқ емес. Мұндайдың алдын алу, жол бермеу үшін Қазақстан археологтары ғылыми зерттеумен қатар қоғаммен диалог орнатып, күрделі зерттеулердің мақсаты мен әдіс-тәсілдерін қарапайым тәсілмен түсіндіріп те жүр.

Qazaq Historical Review ғылыми журналының бұл нөмірі археологиялық зерттеулердің өзекті қорытындыларына арналған. Редакция алқасы ғылыми ізденістер мен нәтижелерді жариялау мақсатымен Қазақстанның қазіргі белгілі археологтарын автор ретінде тартып отыр.  Жаңа материалдар кейінгі зерттеулерге пайдасын тигізеді деп үміттенеміз.

Антонина Ермолаева, Альбина Ержанова, Екатерина Дубягиналардан құралған Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының зерттеушілер Жезқазған-Ұлытау таулы-металлургия орталығы  – Талдысай қонысы туралы жаңа мағлұматтар жариялап отыр. Археология институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Лошакова Маңғыстау Үстіртіндегі қола дәуірінің қоныстары – Тоқсанбай, Айтман және Маңайсор жөніндегі тарихи-археологиялық зерттеулерінің қорытындыларын кең ауқымда баяндаған. Ильяр Камалдиновтың мақаласында дала қыранының бейнесі мен эпиграфия өрнегі салынған X–XI ғасырлардағы кесе сөз болған. Кесе ортағасырлық Отырар қаласы шахристанының солтүстігін қазғанда табылған. Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әceмгүл Қaceнoвa Орталық Қазақстанның тас мүсіндердің тарихы мен олардың қазіргі зерттелуі мәселесін қарастырады. Тарих ғылымдарының кандидаттары Жанболат Өтебаев пен Сергей Болелов өз мақалаларын Сырдарияның ежелгі арналарының өзгерістері мен оның бойындағы қоныстардың біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтағы қалыптасу, даму тарихын зерттеуге арнаған. Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Дөкей Тәлеев  Сырдарияның төменгі ағысындағы көне Баршынкент пен Жайық жағасындағы Сарайшық қалаларын Жошы ұлысының сауда-экономикалық қана емес, рухани киелі орталығы ретінде қарастырған.

Журналдың бұл нөмірінің арнаулы редакторы: тарих ғылымдарының кандидаты Әceмгүл Қaceнoвa.

Жарияланды: 2024-03-28

Барлық шығарылымдар