Қожеке Назарұлы және архив деректері

Авторлар

  • Рашид Е. Оразов Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Автор

DOI:

https://doi.org/10.69567/3007-0236.2023.2.213.230

Кілт сөздер:

Қожеке Назарұлы; Тазабек; отарлау; ұлт-азаттық күрес; Қытай; Ресей; күйші; қудалау

Аңдатпа

Мақала Жетісудағы  Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы қазақ ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Қожеке Назарұлының қызметіне арналған. Қожеке Назарұлының қазақ халқының мүддесін қорғаған болашақ жарқын қоғамдық-саяси қайраткер ретінде қалыптасуы балалық шағында, XIX ғасырдың 40-50-жылдарындағы Жетісудағы  саяси жағдайдың құбылуы кезінде қалыптасады. Оның жан-жақты қызметі, қазақтарды ұйымдастыру мен басқаруға белсене араласуы, әскери жетекшілік қабілеті мен шығармашылық шеберлігі өмірінің алғашқы кезеңінде әкесі Назардың ықпалымен жүзеге асырылды. Ол өзін шебер ұйымдастырушы және рубасы, ержүрек батыр, шебер сазгер және күйші ретінде көрсете білді. Жетісу күйшілік мектебінің негізін қалауға атсалысқан көрнекті өкілдерінің бірі Қожеке Назарұлы еді. Мақалада бұрын ғылыми айналымға тартылмаған жаңа архив құжаттарына сүйене отырып, Қожеке Назарұлының өмірбаяны мен қызметі, балалық шағы, Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күресі талданған. Ғылыми айналымға енгізілген дереккөздер Қожеке Назарұлын 1862 жылы туған жерінен тысқары жерден күресті жалғастырып, Қытайға қоныс аударуға мәжбүр еткен себептері көрсетілді, оның ішінде  XIX ғасырдың екінші жартысының басында Жетісуды орыс әскерлерінің басып алуы, отаршылдық езгінің күшеюі, қазақтарға және Қожекенің өзіне қарсы қудалаудың күшейуі болатын. Оның Құлжа өңірінің Айтбозым болысындағы қызметі зерттелді. Қытайда жүргенде Қожеке де саяси қуғынға ұшырады. 1884 жылы ол керуенді тонады деген жалған айыппен тұтқындалды. Бір жылдай Қытай билігі оны азаптап, мойындатады. Жауап алу мен түрмедегі азаптау арасында ол өзінің тағдырының трагедиясын көрсететін әйгілі «Түрмедегі қинау», «Тас көмір шоғымен қинау» күйлерін шығарады. 1885 жылдың күзінде Қожеке Назарұлы Қытай түрмесінде азапталып өлтірілді. Қожеке Назарұлының өмір жолы мен қызметі тың архив құжаттарымен ашып көрсетілді.

Әдебиеттер тізімі

Alіbek T. 2008. Zhetіsu aqyndary. Zertteuler [Poets of Zhetysu. Research]. Almaty.

Aristov N. 1874. Otnoshenija nashi k dunganam, Kashgaru i Kul'dzhe [Our relationship with the Dungans, Kashgar and Gulja]. In: Materialy dlja statistiki Turkestanskogo kraja [Materials for statistics of the Turkestan region]. In 4 parts. Part 3. St. Petersburg: Publishing house of the Turkestan statistical committee, 1874.

Babkov I.F. 1912. Vospominanie o moej sluzhbe v Sibiri 1859–1875 gg. Razgranichenie s Zapadnym Kitaem 1869 godu [Memories of my service in Siberia 1859–1875. Demarcation with Western China in 1869]. In three books. Book 1. St. Petersburg: Krishbaum Printing House.

Bajdіbek baba – Alyp bajterek. 2003. Alban ata jenciklopedijalyq shezhіre [Encyclopedic genealogy of Alban ata ]. Almaty.

Dzhamgerchinov B. 1966. Ocherki politicheskoj istorii Kirgizii XІX veka [Essays on the political history of Kyrgyzstan in the 19th century]. Frunze: Kyrgyzstan.

Kuznecov V.S. 1983. Cinskaja imperija na rubezhah Central'noj Azii (vtoraja polovina XVIII – pervaja polovina XIX veka) [The Qing Empire on the borders of Central Asia (second half of the 18th – first half of the 19th century)]. Novosibirsk: Publishing house "Nauka".

Maksheev A.I. 1890. Istoricheskij obzor Turkestana i nastupatel'nogo dvizhenija v nego russkih [Historical overview of Turkestan and the Russian offensive movement into it]. St. Petersburg: Military printing house.

Muqamethanuly N. 2000. Qytajdagy qazaqtardyn qogamdyq tarihy [Social history of the Qazaqs of China]. Almaty.

Qauqabaev T. 1995. Tazabek batyr. In: Parasat, 6, 10.

Qozybaev M. 2009. Kielі tәuelsіzdіk [Sacred independence]. Almaty: Baspalar ujі.

Rjazanov A.F. 1925. Nabegi hivincev i turkmen v kirgizskuju step' v 1848 godu [Raids of Khivans and Turkmens into the Kyrgyz steppe in 1848]. Orenburg.

Talyp Moldo. Kordolgon zamanda [In an era of humiliation]. In: Kyrgyzdar. Taryh. Muras. Oner [Kyrgyz. Story. Heritage. Art]. Bishkek: Kyrgyzstan – Soros Foundation, 1995. Book 3. 91–137.

Trockij V.N. (ed.). Perechen' sobytij na Syr-Dar'inskoj linii, so vremeni eja uchrezhdenija po 1860 godu [List of events on the Syr-Darya line, from the time of its establishment until 1860]. In: Russkij Turkestan [Russian Turkestan]. St. Petersburg: Printing house of the Public Benefit Partnership, 1872. Issue. 3.

Zhansugurov І. 2001. Zhetіsu. Almaty: Cennye bumagi.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 22

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 > >>