Нөмір 1 № 4 (2023)

					Көрсету  Нөмір 1 № 4 (2023)

Қазіргі Қазақстан ұлттық ерекшелігін зерделеу мен ұлттық идеясын қалыптастыру жолындағы жаңа ізденістер кезінде өзінің ортағасырдағы төл тарихына баса ден қойып келеді. Тарихи өткенімізді тану процесіне арналған жаңа тарихи нарративтер бағытының әлеуметтік өзектілігі мен маңызы зор. Жаңа ұлттық тарихи зерттеулерде Алтын Орда мұрасы және оның қазақ тарихы мен мемлекеттілігіне қаншалықты ықпал еткені айрықша маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұған дейін, әсіресе совет кезеңінде Алтын Орданың шынайы тарихы жазылмады, көрінеу бұрмаланды стереотип қалыптасқаны байқалады. Осыған орай өз кезегінде ұлттық тарихты қайта пайымдау қажеттілігі туды. Бұл тұрғыдан 2019 жылы Алтын Орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығына, 2024 жылы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған мемлекеттік деңгейде ірі іс-шаралар өткенін айту керек. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқы Алтын Орданың тікелей мұрагері екенін, халқымыздың мәдени кодының жүлгесі сонда жатқанын атап өтті. Мұндай мерейлі іс-шаралар қоғамды ұйыстырып қана қоймай, терең ғылыми ізденістер мен ғылыми дәстүр қалыптастыруға жетелеуі қажет. Өткенді идеология мен мифологиядан ада ғылыми көзқараспен зерттеу – тарихты объективті зерттеудің аса маңызды шарты саналады. Сонымен қатар Алтын Орданың, жалпы ортағасырдың тарихын зерттеудегі әлем ғылымының тәжірибесі де ескерілуге тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда  «Qazaq Historical Review» ғылыми журналының редакциялық алқасы мен АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының ұжымы бұл нөмірді (4, 2023) Қазақстан мен Еуразияның ортағасырлық тарихына қатысты деректану, тарихнама және тарихи зерттеулердің жаңа парасына арнады. Қазақстан, АҚШ, Жапония, Канада, Ресей, Украина, Финляндияның қазіргі заманғы жетекші тарихшылары автор ретінде тартылды. 

Журналға жарияланған қазақ тарихшысы Нұрлан Атығаевтың мақаласында  XVI ғасырдағы қазақ-қалмақ қатынастарының ерекшеліктері жазылған. Мәскеу профессоры Александр Қадырбаев мақаласында «Халықтардың ұлы көші» дәуіріндегі ірі оқиғалар сөз болған. Украин зерттеушісі Владислав Гулевич Алтын Орда ханы Мөңке-Темірдің Богемия королі Пржемысл ІІ Отакарға жіберген жұмбақ елшілігінің қыр-сырын тарата айтқан. Канада тарихшысы доктор Жу-Юп Ли «қазақлық» феномені жайлы зерттеуін жалғастырған. Қазақ-Америка профессоры Юлай Шамильоглу «Қара өлім» деген атпен мәлім бубон обасының Алтын Ордадағы саяси дағдарысқа қалай ықпал еткенін жазған. «Жарияланым» айдарына дереккөздердің жаңа аудармалары мен оларға жасалған латын (Роман Хауталының мақаласы), парсы (Хироюки Нагаминэ мақаласы) мен түрік (Ілияс Мұстақимов пен Қанат Өскенбайдың мақаласы) тілдерінен алынған түсініктемелер берілді. Журнал нөмірінің соңы Жу-Юп Ли мен Мари Фавероның жаңа кітаптарына шолумен аяқталған

Жарияланды: 2023-12-27

Барлық шығарылымдар

Статьи